60-71-28, 60-71-29
ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІ
8 (708) 768-38-19
КОЛЛ-ЦЕНТР
А1 к.,5 құрылыс, блок Г
ЖМ "Железнодорожный"

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ: ЦЕРЕБРАЛЬДЫ САЛ АУРУЫ ЖӘНЕ БАСҚА ДА АУРУЛАРЫ БАР ПАЦИЕНТТЕР МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ ТОЛЫҚ КӨЛЕМІН АЛУДЫ ЖАЛҒАСТЫРАДЫ

Бұл күндері әлеуметтік желілерде қант диабеті, церебральды сал ауруы және басқа да созылмалы аурулары бар пациенттер медициналық көмек пен дәрі-дәрмектерге қол жетімділіктің шектеулеріне тап болады деген жалған ақпарат таратылуда. Бұл мүлдем шындыққа жанаспайды.

Денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік мәні бар және созылмалы аурулары бар пациенттерге медициналық көмектің көлемі мен сапасы бойынша кепілдіктер толық көлемде сақталатынына сендіреді.

ТМККК 11 АУРУДЫ ЕМДЕУДІ ҚАМТИДЫ

Жаңартылған тізбеге 11 нозология кіреді, олар бойынша медициналық көмекпен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде-пациенттің сақтандыру мәртебесіне қарамастан ұсынылады.

ТМККК пакетінде мыналар қалады:

туберкулез, АИТВ инфекциясы, созылмалы вирустық гепатиттер және бауыр цирроздары, қатерлі ісіктер, психикалық және мінез-құлық бұзылыстары, орфандық аурулар, жіті миокард инфарктісі (алғашқы 6 ай), нерв жүйесінің дегенеративті аурулары, ОНЖ демиелинизациялық аурулары, эпилепсия, цереброваскулярлық аурулар (инсульттан кейінгі жағдай-бір жыл бойы).

Тізбеге алғаш рет мыналар енгізілді:

* эпилепсия;

* цереброваскулярлық аурулар (инсульттан кейінгі жағдай — бір жыл бойы).

Мұндай шешім ұзақ мерзімді бақылауды және тұрақты дәрі-дәрмекпен емдеуді қажет ететін ауыр неврологиялық аурулардан зардап шегетін азаматтарды әлеуметтік қорғауды күшейтуге бағытталған.

ЭПИЛЕПСИЯ ӘЛЕУМЕТТІК МӘНІ БАР АУРУЛАРДЫҢ ТІЗБЕСІНЕ ЕНГІЗІЛГЕН

Диспансерлік науқастардың Бірыңғай тіркелімінің деректері бойынша Қазақстанда эпилепсиямен ауыратын 94 мыңға жуық пациент, оның ішінде 31 мың бала тіркелген.

Жыл сайын осындай диагнозы бар пациенттер 4 млрд теңгеге жуық сомаға 14 дәрілік затпен қамтамасыз етіледі.

Эпилепсияны әлеуметтік мәні бар аурулар тізбесіне енгізу пациенттерге уақтылы, тегін және білікті медициналық көмекке қол жеткізуге кепілдік береді, сондай-ақ тұрақты дәрілік сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.

НЕЛІКТЕН ИНСУЛЬТТАН КЕЙІНГІ ПАЦИЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУ МАҢЫЗДЫ

Цереброваскулярлық ауруларды (бір жыл бойы инсульттан кейінгі жағдай) ӘМА тізбесіне қосу:

* пациенттерді үздіксіз оңалтумен және динамикалық бақылаумен қамтамасыз етуге;

* қалпына келтірудің ең маңызды кезеңінде дәрі-дәрмекпен емдеуді қамтамасыз етуге;

* қайталанатын тамырлардың бұзылу қаупін азайтуға мүмкіндік береді.

Инсульттан кейінгі алғашқы 12 ай функцияларды қалпына келтірудің және мүгедектіктің алдын алудың шешуші кезеңі болып табылады, сондықтан мемлекет дәл осы кезеңде кепілдіктерді күшейтеді.

МӘМС ЖҮЙЕСІНЕ АУЫСАТЫН АУРУЛАР БОЙЫНША ӨЗГЕРІСТЕР

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакетіне:

* қант диабеті;

* балалардың церебральды сал ауруы;

* дәнекер тіннің жүйелік зақымдануы;

* ревматизм.     

Бұл ретте медициналық көмектің көлемі қысқармайды – тек қаржыландыру көзі ғана өзгереді. Барлық сақтандырылған пациенттер МӘМС жүйесі шеңберінде емдеуді, консультациялар мен дәрі-дәрмектерді тегін алуды жалғастыруда.

ЕРТЕ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ДИАГНОСТИКА

Алғаш рет барлық әлеуметтік мәні бар аурулардың бастапқы диагностикасы сақтандыру мәртебесіне қарамастан ТМККК шеңберінде жүргізілетін болады.

Бұған дейін бұл тек АИТВ инфекциясы және туберкулезбен ауыратын пациенттерге қатысты.

Бұл ауруларды ерте анықтауды және емдеуді уақтылы бастауды қамтамасыз етеді, бұл денсаулықты сақтаудың негізгі факторы болып табылады.

МЕМЛЕКЕТ КЕПІЛДІКТЕРІ

Мемлекет, бұрынғыдай, азаматтардың жеңілдетілген санаттарына қатысты барлық кепілдіктерді сақтайды:

балалар, жүкті әйелдер, зейнеткерлер, студенттер, мүгедектер, жұмыссыздар және басқалар.

Барлығы – 11 миллионнан астам қазақстандық.

Соның ішінде – мемлекет есебінен сақтандырылған және медициналық көмекті тегін алуды жалғастыратын балалардың церебральды сал ауруымен (БЦА) ауыратын барлық пациенттер.

Денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесін жаңарту көмекті қысқарту емес, қаржыландыру тетіктерін жетілдіру және ең осал пациенттер үшін кепілдіктерді күшейту екенін атап көрсетеді.

Сақтандыру жарналары жергілікті атқарушы органдар есебінен төленетін азаматтардың әлеуметтік осал санаттарын (D және Е санаттары) сақтандыруды қаржылық қамтамасыз етуге ерекше назар аударылатын болады.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда әлеуметтік мәні бар аурулардың (ӘМА) жаңартылған тізбесі күшіне енеді. Шешім «Кейбір заңнамалық актілерге міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және медициналық қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру шеңберінде қабылданды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

• Instagram: https://www.instagram.com/healthcare.gov.kz/
• Facebook: https://www.facebook.com/MinzdravRK/

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайты: https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm

25 қазан – Қазақстанның ұлттық мерекелерінің бірі. Бұл мереке алғаш рет 1992 жылы бекітіліп, 17 жыл бойы атап өтілді. 2009 жылы мерекелер тізімінен алынып тасталғанымен, халық оны ұмытқан жоқ. Араға 13 жыл салып, Республика күні қайта жаңғырды. 

Мерекенің қайта оралуы
2022 жылғы 16 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда Республика күнін қайта атап өтуді және оған ұлттық мереке мәртебесін беруді ұсынды.

Сол жылдың қыркүйегінде Парламент «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға түзетулер енгізіп, 25 қазанды – ұлттық мереке, ал 16 желтоқсанды – мемлекеттік мереке ретінде бекітті.

Тарихы мен маңызы
Республика күні 1990 жылы 25 қазанда қабылданған «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы декларациямен» тығыз байланысты. Бұл құжат Қазақстанның тәуелсіз ел болуға бағыт алған алғашқы қадамы болды.

Халық жадындағы мереке
2009 жылдан кейін ресми деңгейде тойланбаса да, халық бұл күнді бейресми түрде атап өтуді жалғастырды. Қоғамда мерекені қайта енгізу туралы ұсыныстар жиі айтылып, нәтижесінде халықтың тілегі орындалды.

Бүгінде Республика күні – егемендікке бастау болған тарихи күн, елдің тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамының символы.

 

Мереке қарсаңында орталықта іс-шара өткізіліп, мекеме басшысы Зекен Беркутович Исаков медицина қызметкерлерін Республика күнімен құттықтап, ел денсаулығын сақтау жолындағы еңбектері үшін алғысын білдіріп, марапаттарын табыстады.

 

 

 

Қарттарымыз – біздің асыл қазынамыз

Қазақ халқы қашанда қарттарын құрметтеп, олардың өмірлік тәжірибесіне, ақылына, даналығына ерекше мән берген. Қарттар – біздің асыл қазынамыз, олар ата-бабадан жеткен мұраны сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан алтын көпір. Қарттардың өмірлік жолы – жастар үшін үлгі, ал олардың ақылы – қоғамның байлығы.

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Астана қаласы әкімдігінің "Қалалық инфекциялық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында зейнеткерлік демалыстағы ардагер медицина қызметкерлеріне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Бұл шара — мекемеде ұзақ жылдар бойы еңбек еткен, адам өміріне араша түсіп, денсаулық сақтау саласына аянбай қызмет еткен дәрігерлер, мейіргерлер, санитарлар мен басқа да медициналық мамандарға көрсетілген шынайы құрметтің белгісі болды.

Мекеме ұжымы ардагерлерді ерекше ілтипатпен қарсы алып, олардың еңбектеріне алғыс білдірді. Шара барысында ардагерлердің өмірлік жолы, кәсіби тәжірибесі мен жас ұрпаққа қалдырған өнегесі айтылып, жылы лебіздерге толы құттықтаулар жолданды.

Ардагерлерге мерекелік сый-сияпаттар тарту етіліп, дастархан жайылып, ұмытылмас сәттерге толы кездесу өтті.

Қайта қауышқан әріптестер бір-бірімен естеліктер бөлісіп, көңілді күйде тарқасты.

Осындай шаралар мекемемізде қалыптасқан жақсы дәстүрлердің біріне айналған. Жас мамандар үшін ардагерлеріміздің қызмет жолы — кәсіби шеберлік пен адамгершіліктің жарқын үлгісі.

Құрмет көрсету - ұрпақ парызы

Қарттар күні — бұл тек мерекелік күн ғана емес, бұл — өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, саналы ғұмырын халықтың игілігіне арнаған жандарға деген тағзым.

Астана қаласы әкімдігінің "Қалалық инфекциялық орталығы" ШЖҚ МКК ұжымы үшін бұл – жүректен шыққан алғыс пен ризашылықты білдіретін маңызды күн.

 

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Парламент палаталарының бірлескен отырысында жыл сайынғы Жолдауын жариялады.

Өз Жолдауында Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстанды» құруға бағытталған реформалардың жалғасатынын атап өтті. Бұл – билік пен халық арасында ашық, адал диалог орнату, яғни «еститін мемлекет» қағидатын дамыту деген сөз.

Осы жолдағы негізгі басымдықтардың бірі – цифрландыру және Қазақстанды толық цифрлы мемлекетке айналдыру, яғни Digital Kazakhstan тұжырымдамасын іске асыру. Digital Kazakhstan Қазақстан дамуының негізгі бағыттарын айқындауы тиіс. Олардың қатарына жасанды интеллект, цифрландыру, платформалық экономика, үлкен деректерді пайдалану және басқа да аспектілер кіреді. Бұл үдерістің маңызды бөлімі – адами капиталды даярлау, бұл ретте білім беру саласы ерекше рөл атқарады.

Жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын меңгерген мамандарды даярлау үшін мемлекет Al-Sana бағдарламасын іске қосты. Бұл бағдарлама 100 мыңға дейін студентті жоғары технологиялық жобаларға тартуды көздейді. Сонымен қатар педагогтарда да жасанды интеллект технологиясын меңгеру дағдыларын қалыптастыру жұмысы жүргізіліп жатыр.

«Жаңа технологиялық дәуірдің бір бөлігі болу үшін мемлекеттік басқару жүйесін толығымен қайта құру қажет, оның ашықтығын, тиімділігін және адамға бағытталуын бірнеше есе арттыру қажет. Сондықтан да қазіргі бейінді министрлік базасында Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру қажет деп санаймын», – деді Президент.

Тау-кен металлургия кешені – еліміздің жүйеқұраушы салаларының бірі. Бұл кластер мен геологиялық барлауды дамытуды Президент негізгі міндет ретінде атап өтті. Жер қойнауын заманауи әдістермен қайтадан зерттеп, олардың нақты карталарын жасау қажет, сонымен қатар жасанды интеллектің көмегімен ауыл шаруашылығы жерлерін ғарыштық мониторингтеудің тиімділігін арттыру керек. Сондай-ақ транспорттық-логистикалық саланы да дамыту өте маңызды: Қазақстан тек логистикалық хабқа айналып қана қоймай, транзит үшін жаһандық бәсекеде жеңіске жетуі тиіс.

«Аталған барлық бағыттар бірыңғай жүйе ретінде жұмыс істеуі керек. Бұл елімізге нақты табыс әкеліп, инфрақұрылымға жаңа инвестициялар тартуға және сапалы жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Ірі транзиттік аумақ ретінде Қазақстан үшін бұл бағыттың маңызы ерекше», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстанда атом электр станцияларын (АЭС) салу – маңызды бағыт болып қала береді. Жоспарланған өндірісті дамыту, ірі машина жасау және металлургия кәсіпорындарын іске қосу көлемді энергияны қажет етеді. Сондықтан да бірінші АЭС жобасы жүзеге асқаннан кейін екінші, тіпті үшінші атом электр станциясын салу жоспарланады. Басымдық берілетін бағыттардың қатарында – әсіресе тереңдетіп қайта өңделген өнім өндіру және инновациялық стартаптарды дамыту да бар.

Тағы бір маңызды бағыт – су ресурстарын мониторингтеу. Су – еліміздің стратегиялық ресурсы. Осы саладағы ұзақ мерзімді саясатты жоспарлау үшін Ұлттық су балансын қалыптастыру – аса маңызды құрал.

Ең маңызды міндеттердің бірі – тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды жақсарту. Құрылыс сапасын арттыру үшін жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, ғимараттарды ақпараттық модельдеу жүйесін (Building Information Modeling, BIM) пайдалану қажет.

Президенттің Жолдауы дәстүрлі түрде елде саяси маусымның басталуымен тұспа-тұс келіп тұр. Өз сөзінде ол алдағы реформалар мен еліміздің жалпы даму бағытын айқындайды.

«Менің басты миссиям – қазіргі қатерге толы, турбулентті кезеңде еліміздің әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Біздің өскелең ұрпағымыз бақыт пен тыныштықта өмір сүруі керек», – деді өз Жолдауында Тоқаев. Сондай-ақ қазіргі заманда патриотизм – жасампаздық пен жаңашылдық ретінде қабылданатынын атап өтті. Ал жастарға қолдау көрсету – Қазақстанның табысты болашағының негізгі факторы екенін баса айтты.

https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaevtyn-kazakstan-halkyna-zholdauy-zhasandy-intellekt-dauirindegi-kazakstan-ozekti-maseleler-zhane-ony-tubegeyli-cifrlyk-ozgerister-arkyly-sheshu-881957 

     

Бүгін Мемлекет басшысы Үкіметке қол жұмсай отырып, медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағаны және қатыгездік көрсеткені үшін жазаны қатаңдату мақсатында ұлттық заңнамаға өзгерістер енгізуге бағытталған заңнамаға түзетулер әзірлеуді тапсырды.

Біздің дәрігерлеріміздің денсаулығы мен әл-ауқатына нұқсан келтіретін мұндай оқиғалардың «Заң және тәртіп» қағидатына сәйкес құқықтық құралдармен түбегейлі жолын кесу керек, деп атап өтті Президент өз тапсырмасында.

«Мемлекет басшысының тапсырмасының орындалуын қамтамасыз ету қажет. Дәрігерлерге шабуыл жасаған мұндай оқиғалар құқықтық әдістермен қатаң түрде тоқтатылуы керек. Осыған байланысты денсаулық сақтау, ішкі істер, әділет министрліктеріне қызметтік міндеттерін атқару кезінде медицина қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылық қолданғаны үшін қылмыстық жаза бойынша заңнамалық түзетулер әзірлеп, шұғыл түрде енгізуді тапсырамын»,-деп атап өтті Премьер-Министр өз тапсырмасында.

Дәрігерлерді қорғау бүкіл денсаулық сақтау жүйесі мен ұлт денсаулығының тұрақты жұмысының негізі болып табылады.

Шаралар Мемлекет басшысының заң идеологиясын және 2025-2030 жылдарға арналған тәртіпті ілгерілету жөніндегі тұжырымдамасы негізінде әзірленетін болады.

Заң жобасы Парламентке енгізіліп, азаматтық қоғам өкілдерімен талқыланатын болады.

2019 жылдан бастап Қазақстанда дәрігерлерге, фельдшерлерге, мейіргерлерге және басқа да денсаулық сақтау қызметкерлеріне жасалған 170-тен астам шабуыл фактілері тіркелді.

Медицина қызметкерлерінің өздерінің кәсіби міндеттерін орындау кезінде оларға агрессия мен шабуыл жасау жағдайларының жиілеп кетуіне байланысты Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекет басшысының медицина қызметкерлерін құқықтық қорғау жөніндегі бастамасын толығымен қолдайды, сондай-ақ медициналық персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бірқатар шараларды іске асыруды ұсынады.

Денсаулық сақтау министрлігі дәйекті түрде:

Дәрігерлерге қатысты зорлық-зомбылық пен қауіп-қатер үшін құқықтық жауапкершілікті күшейту;
Медициналық ұйымдарда дабыл батырмаларын, бейнебақылау және дабыл жүйелерін енгізу;
Көп бейінді ауруханалардың, перинаталдық орталықтардың, балалар стационарларының қабылдау бөлімшелерінде тәулік бойы полиция посттарын орналастыру;
Білім беру және ақпараттық кампаниялар арқылы медицина қызметкерлерінің еңбегін құрметтеу мәдениетін қалыптастыру.

Жұмыс орындарында жедел қауіпсіздікті арттыру мақсатында жедел жәрдем қызметінде смарт-бейнежетондарды пайдалану бойынша пилоттық жобалар іске қосылды. Шақырту кезінде не болып жатқанын тіркейтін құрылғылар елорданың бес бригадасында қолданылуда. Жақын арада пилот Алматыда кеңейтіледі. Бұл технологиялар штаттан тыс жағдайлардың алдын алу мен іс-қимылдың тиімді құралы ретінде қызмет етеді.

Министрлік полицияның жедел басқару орталықтарына, қол жеткізуді бақылау жүйелеріне, дабыл батырмаларын және аналитикалық бейнебақылауға бейне ағынын біріктіре отырып, ауруханаларда кешенді күзет жүйелерін орнатуға бастамашылық жасайды.

ІІМ-мен ынтымақтастық шеңберінде республика бойынша 80-нен астам стационардың қабылдау бөлімшелерінде қызметкерлерге қауіп төнген кезде жедел араласуды қамтамасыз ететін полиция посттары жұмыс істейді. Өңірлерде қамтуды кеңейту бойынша жұмыс жалғасуда.

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан азаматтарын медицина қызметкерлеріне құрметпен және жауапкершілікпен қарауға шақырады. Олардың әрқайсысы денсаулық сақтау жүйесінің тірегі болып табылады, олар күнделікті өмірді сақтайтын, шұғыл және сыни жағдайларда көмек көрсететін адамдар.

Дәрігерлерді қорғау - бүкіл денсаулық сақтау жүйесі мен ұлт денсаулығының тұрақты жұмысының негізі.

logo.png
ҚАЛАЛЫҚ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ
© Copyright 2026 DESIGN BY SITE-PRO.KZ. All Rights Reserved.