60-71-28, 60-71-29
ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІ
8 (708) 768-38-19
КОЛЛ-ЦЕНТР
А1 к.,5 құрылыс, блок Г
ЖМ "Железнодорожный"

Астана қаласы әкімдігінің "Қалалық инфекциялық орталық" ШЖҚ МКК (бұдан әрі – кәсіпорын) кәсіпорын қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша қоғамдық талқылаудың басталғандығын хабарлайды. Қоғамдық талдау шеңберінде келесі бағыттар бойынша мәселелердің нәтижелерін қарастыру жоспарлануда:
1) кәсіпорынның қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) кәсіпорынның ұйымдық-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Егер сізде кәсіпорынның қызметіне қатысты ұсыныстар, шағымдар немесе басқа да ақпарат болса 87758218546 телефонына хабарласуыңызды сұраймыз.

???? Пациенттердің шағымдарын «осында және қазір» қағидаты бойынша жедел шешу мақсатында елорданың барлық медициналық ұйымдарында пациенттердің шағымдарын қарастырумен және шешумен айналысатын қызмет ұйымдастырылған.
???? Пациенттерді қолдау қызметінің міндеті – көрсетілетін медициналық көмектің сапасын бағалау, сондай-ақ халықпен өзара әрекеттесу.
???? Бұдан бөлек, бұл қызмет өз кадрлары мен жабдықтарын пайдалану тиімділігін, медициналық көмек көрсету технологиясын, тегін көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету ережелерін сақтауды, медициналық сақтандыру бойынша қызмет көрсетуді бағалайды.
Сондай-ақ, ақаулардың алдын алу және жою бойынша жұмыс, медициналық көмек көрсету сапасын қамтамасыз ету мәселелері бойынша персоналды оқытуды жүргізеді.
ℹ️ Елорданың медициналық ұйымдарындағы пациенттерді қолдау қызметтері туралы ақпарат Басқарманың ресми сайтындағы «Пайдалы сілтемелер» блогында көрсетілген. Сілтеме өзекті stories-те бекітілген.

Қазақстандықтарға DariKZ мобильді қосымшасының жаңартылған нұсқасы қолжетімді болды. Енді жаңаша жолға қойылған қызмет пайдаланушыларға дәрілік заттардың жағымсыз реакциялары жөнінде дербес мәлімдеу мүмкіндігін береді.

Осындай ақпарат қазақстандықтарға қолжетімді дәрілердің қауіпсіздігі мен сапасын қадағалауға көмектеседі.

logo.png
ҚАЛАЛЫҚ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ
© Copyright 2026 DESIGN BY SITE-PRO.KZ. All Rights Reserved.