60-71-28, 60-71-29
ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІ
8 (708) 768-38-19
КОЛЛ-ЦЕНТР
А1 к.,5 құрылыс, блок Г
ЖМ "Железнодорожный"

📌 Мемлекет азаматтарды қымбат әрі жоғары технологиялы медициналық көмекпен қамтамасыз ету бағытындағы жұмысты жүйелі түрде жалғастырып келеді. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы қазақстандықтар табыс деңгейіне қарамастан заманауи диагностика, емдеу әдістері және күрделі хирургиялық операцияларға қол жеткізуде.

Ауыр туа біткен аурулары мен патологиялары бар балаларға ерекше көңіл бөлінеді. Жыл сайын туа біткен аурулары бар шамамен 1,5 мың нәрестеге операция жасалады, олардың шамамен 40%-ы аз инвазивті эндовидеохирургиялық технологиялармен жасалады.

Сонымен қатар балалар кардиохирургиясы да дамып келеді. Жыл сайын елімізде жүрек-қан тамыр жүйесінің туа біткен ақаулары бар балаларға шамамен 2 мың ашық операция жасалады.

Заманауи медициналық технологияларды енгізу нәрестелердің операциядан кейінгі өміршеңдігін 88%-дан 93%-ға дейін арттыруға мүмкіндік берді. Бұдан бөлек, 19 инновациялық медициналық технологияның енгізілуі балаларды шетелде емдеуге жіберу санын екі есе қысқартып, жоғары технологиялы көмекті ел ішінде қолжетімді етті.

Қымбат ем мен дәрі-дәрмекпен қамту да кеңейіп келеді. 2018 жылы тегін дәрі-дәрмекпен 1,9 миллион адам қамтылса, 2025 жылға қарай бұл көрсеткіш 3,4 миллионға жетті. Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге бөлінетін қаржы осы кезеңде 87,2 миллиард теңгеден 337,4 миллиард теңгеге дейін үш есе өсті.

https://t.me/KZgovernment/24029 

📱 @KZgovernment 

📌Аналарды қолдау және әйелдердің денсаулығын қорғау әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып қала береді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет жүктілікті жоспарлаудан бастап баланың дүниеге келуі мен босанғаннан кейінгі бақылауға дейінгі барлық кезеңдерді қамтитын кешенді жұмысты жүзеге асыруда.

Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда ана өлімінің көрсеткіші алты есеге төмендеді. Тек соңғы бес жылда ол тағы 35%-ға қысқарды. Бүгінгі таңда жүкті әйелдердің 90%-дан астамы жүктіліктің 12 аптасына дейін есепке алынады, бұл тәуекелдерді уақтылы анықтауға және қажетті медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

2025 жылғы тамыздан бастап «Аналар саулығы» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Ол алғашқы медициналық-санитариялық көмек деңгейінде әйелдер үшін 15 тегін тексеруден өтуді қарастырады. Сонымен қатар «Бір күндік клиника» жобасы дамытылуда, ол жүкті әйелдерге барлық қажетті зерттеулер мен мамандар консультацияларынан бір күн ішінде өтуге мүмкіндік береді. 2024 жылдан бастап Қазақстанда фетальды медицина – ұрықтағы патологияларды жатырішілік емдеудің заманауи бағыты енгізілді.

Босандыруға көмектесу инфрақұрылымын дамыту жалғасуда. Елімізде 273 қалалық және 152 ауылдық әйелдер консультациясы, сондай-ақ облыстық перинаталдық орталықтар жанындағы 24 консультация жұмыс істейді. Бұдан бөлек, болашақ аналарға медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру үшін жаңа нысандар ашылуда.

https://t.me/KZgovernment/24032 

📱 @KZgovernment 

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні құтты болсын! Елімізге бейбітшілік, гүлдену және табыс тілейміз!

Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран – халқымыздың тәуелсіздігін, бірлігін және ұлттық құндылықтарын бейнелейді. Олар ел азаматтарын біріктіреді, патриотизм сезімін және Қазақстанның болашағы үшін жауапкершілікті тәрбиелейді.

Біздің аурухана қызметкерлері Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне шынайы құрмет білдіреді және күнделікті азаматтардың денсаулығы мен әл-ауқатына қамқорлық жасау арқылы қоғамның дамуына үлес қосады. Әрбір үйде бейбітшілік, келісім және болашаққа деген сенімділік орнасын, еліміз табысты дамып, жаңа биіктерге жете берсін.

Мереке құтты болсын! Сіздерге зор денсаулық, бақыт, молшылық және жаңа жетістіктер тілеймін!

#АстанаМемлекеттікрәміздеркүні#Меніңрәміздерімменіңмақтанышым

📌 Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін сақтау және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін әрі қарай дамыту әлеуметтік саясаттың басты жетістіктерінің бірі болып қала бермек. Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, азаматтардың тұрғылықты жеріне қарамастан медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған денсаулық сақтау жүйесін дәйекті түрде жаңғырту жұмыстарын жүргізуде.

Бүгінде қазақстандықтар мемлекет есебінен кең ауқымды медициналық көмектер: дәрігерлер кеңесі мен профилактикалық тексерулерден бастап, құны ондаған миллион теңгеге жететін жоғары технологиялы операцияларға дейін тегін алуда. Кардиохирургиялық операциялар, нейрохирургиялық араласулар, ағза трансплантациясы, онкологиялық ауруларды емдеу, сирек патологиясы бар науқастарға көмек және басқа да қымбат ем түрлері қаржыландырылады. Мемлекеттік қолдау болмаған жағдайда мұндай ем көптеген отбасылар үшін қолжетімсіз болар еді.

Онкологиялық тексерулер тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне енгізілді. Соның нәтижесінде шамамен 300 мың адам қосымша диагностикадан өту мүмкіндігін алды.

Жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесінде демографиялық көрсеткіштер тұрақты түрде жақсарып келеді. Өмір сүру ұзақтығы тарихи ең жоғары деңгейге жетіп, 75,97 жасты құрады. Қазақстан сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жұқпалы емес аурулардан болатын мезгілсіз өлім-жітімді азайту жөніндегі мақсатты көрсеткішіне мерзімінен бұрын қол жеткізді. Сонымен қатар профилактикалық медицина дамып келеді, скринингтік бағдарламалар кеңейтілуде, ерте диагностиканың жаңа әдістері енгізілуде және диспансерлік бақылау жүйесі жетілдірілуде.

📱 @KZgovernment

📌 Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әділетті және әлеуметтік бағдарланған Қазақстан құру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында халықты қолдауға бағытталған ауқымды жұмыстар жүргізуде. Жаңа Конституцияда бекітілген әлеуметтік мемлекет қағидаттары азаматтардың барлық санатын — балалы отбасыларды, жастарды, мүгедектігі бар адамдарды, зейнеткерлерді, әлеуметтік сала қызметкерлерін және табысы төмен азаматтарды қамтитын нақты шешімдер арқылы жүзеге асырылып отыр.

Бүгінде әлеуметтік қолдау ауқымы миллиондаған адамды және жүздеген миллиард теңгені қамтып отыр. 2,5 миллионнан астам адам зейнетақы алады, 630 мыңнан аса көпбалалы отбасы жәрдемақымен қамтылған, 544 мыңнан астам азамат мүгедектік бойынша қолдау алады, ауылдық жерлерде шамамен бір миллион тұрғын жаңа медициналық инфрақұрылымға қол жеткізді, ал білім беру гранттарының саны соңғы бес жылда 93 мыңнан астамға жетті. 

Бүгінде елімізде әлеуметтік қолдаудың көп деңгейлі жүйесі қалыптасқан. Ол тегін медициналық көмек, мемлекеттік жәрдемақылар, зейнетақымен қамсыздандыру, білім мен ғылымды қолдау, ана мен баланы қорғау, сондай-ақ әлеуметтік тұрғыдан осал топтарға арналған арнайы қорғау бағдарламаларын қамтиды.

Бұл шаралардың көпшілігі қаржыландыру көлемі жағынан да, қамтитын азаматтар саны жағынан да бұрын-соңды болмаған.

https://t.me/KZgovernment/24025 

📱 @KZgovernment

logo.png
ҚАЛАЛЫҚ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ
© Copyright 2026 DESIGN BY SITE-PRO.KZ. All Rights Reserved.