60-71-28, 60-71-29
ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІ
8 (708) 768-38-19
КОЛЛ-ЦЕНТР
А1 к.,5 құрылыс, блок Г
ЖМ "Железнодорожный"

25 қазан – Республика күні

25 қазан – Қазақстанның ұлттық мерекелерінің бірі. Бұл мереке алғаш рет 1992 жылы бекітіліп, 17 жыл бойы атап өтілді. 2009 жылы мерекелер тізімінен алынып тасталғанымен, халық оны ұмытқан жоқ. Араға 13 жыл салып, Республика күні қайта жаңғырды. 

Мерекенің қайта оралуы
2022 жылғы 16 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда Республика күнін қайта атап өтуді және оған ұлттық мереке мәртебесін беруді ұсынды.

Сол жылдың қыркүйегінде Парламент «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға түзетулер енгізіп, 25 қазанды – ұлттық мереке, ал 16 желтоқсанды – мемлекеттік мереке ретінде бекітті.

Тарихы мен маңызы
Республика күні 1990 жылы 25 қазанда қабылданған «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы декларациямен» тығыз байланысты. Бұл құжат Қазақстанның тәуелсіз ел болуға бағыт алған алғашқы қадамы болды.

Халық жадындағы мереке
2009 жылдан кейін ресми деңгейде тойланбаса да, халық бұл күнді бейресми түрде атап өтуді жалғастырды. Қоғамда мерекені қайта енгізу туралы ұсыныстар жиі айтылып, нәтижесінде халықтың тілегі орындалды.

Бүгінде Республика күні – егемендікке бастау болған тарихи күн, елдің тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамының символы.

 

Мереке қарсаңында орталықта іс-шара өткізіліп, мекеме басшысы Зекен Беркутович Исаков медицина қызметкерлерін Республика күнімен құттықтап, ел денсаулығын сақтау жолындағы еңбектері үшін алғысын білдіріп, марапаттарын табыстады.

 

 

 

logo.png
ҚАЛАЛЫҚ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ
© Copyright 2026 DESIGN BY SITE-PRO.KZ. All Rights Reserved.