60-71-28, 60-71-29
ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІ
8 (708) 768-38-19
КОЛЛ-ЦЕНТР
А1 к.,5 құрылыс, блок Г
ЖМ "Железнодорожный"

Қарттарымыз – біздің асыл қазынамыз

Қарттарымыз – біздің асыл қазынамыз

Қазақ халқы қашанда қарттарын құрметтеп, олардың өмірлік тәжірибесіне, ақылына, даналығына ерекше мән берген. Қарттар – біздің асыл қазынамыз, олар ата-бабадан жеткен мұраны сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан алтын көпір. Қарттардың өмірлік жолы – жастар үшін үлгі, ал олардың ақылы – қоғамның байлығы.

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Астана қаласы әкімдігінің "Қалалық инфекциялық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында зейнеткерлік демалыстағы ардагер медицина қызметкерлеріне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Бұл шара — мекемеде ұзақ жылдар бойы еңбек еткен, адам өміріне араша түсіп, денсаулық сақтау саласына аянбай қызмет еткен дәрігерлер, мейіргерлер, санитарлар мен басқа да медициналық мамандарға көрсетілген шынайы құрметтің белгісі болды.

Мекеме ұжымы ардагерлерді ерекше ілтипатпен қарсы алып, олардың еңбектеріне алғыс білдірді. Шара барысында ардагерлердің өмірлік жолы, кәсіби тәжірибесі мен жас ұрпаққа қалдырған өнегесі айтылып, жылы лебіздерге толы құттықтаулар жолданды.

Ардагерлерге мерекелік сый-сияпаттар тарту етіліп, дастархан жайылып, ұмытылмас сәттерге толы кездесу өтті.

Қайта қауышқан әріптестер бір-бірімен естеліктер бөлісіп, көңілді күйде тарқасты.

Осындай шаралар мекемемізде қалыптасқан жақсы дәстүрлердің біріне айналған. Жас мамандар үшін ардагерлеріміздің қызмет жолы — кәсіби шеберлік пен адамгершіліктің жарқын үлгісі.

Құрмет көрсету - ұрпақ парызы

Қарттар күні — бұл тек мерекелік күн ғана емес, бұл — өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, саналы ғұмырын халықтың игілігіне арнаған жандарға деген тағзым.

Астана қаласы әкімдігінің "Қалалық инфекциялық орталығы" ШЖҚ МКК ұжымы үшін бұл – жүректен шыққан алғыс пен ризашылықты білдіретін маңызды күн.

 

logo.png
ҚАЛАЛЫҚ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ
© Copyright 2026 DESIGN BY SITE-PRO.KZ. All Rights Reserved.