Центрдің жаңалықтары
2026 жылғы 15 наурызда Қазақстанда жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум өтеді
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
2026 жылғы 15 наурызда Қазақстанда жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум өтеді
Бүгін алдағы Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдум мәселелері бойынша ақпараттық науқан аясында Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық инфекциялық орталығы» ШЖҚ МКК-да медицина қызметкерлерімен Сахарияұлы Баянды және Болатбек Айткеймен кездесуі өткізілді.
Кездесу барысында Негізгі заңның негізгі ережелері жан-жақты түсіндіріліп, жүргізіліп жатқан конституциялық реформалар мен әділеттілік қағидаттарын, заң үстемдігін және азаматтардың құқықтарын қорғауды нығайтуға бағытталған алдағы өзгерістер талқыланды.
Сондай-ақ ұсынылып отырған реформалардың әлеуметтік саланы, оның ішінде денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамытудағы маңызына, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғамдық үдерістерге белсенді қатысу мәселелеріне ерекше назар аударылды.





