60-71-28, 60-71-29
ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІ
8 (708) 768-38-19
КОЛЛ-ЦЕНТР
А1 к.,5 құрылыс, блок Г
ЖМ "Железнодорожный"

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының тарихындағы ең қастерлі әрі мағыналы күндердің бірі. Бұл күні еліміз өз тәуелсіздігін жариялап, егемен мемлекет ретінде жаңа даму жолына қадам басты. Тәуелсіздік – халқымыздың сан ғасырлық арманының орындалуы.

Тәуелсіздік жылдары Қазақстан барлық салада, соның ішінде денсаулық сақтау жүйесінде де елеулі жетістіктерге қол жеткізді. Ел азаматтарының өмірі мен денсаулығын сақтау – мемлекеттің басты басымдықтарының бірі болып табылады.

 

 

2025 жылғы 15 желтоқсанда "Қалалық инфекциялық орталық" - та Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Іс-шара барысында Орталықтың бірқатар қызметкерлері денсаулық сақтау саласындағы қажырлы еңбегі, жоғары кәсібилігі және адам өмірін сақтауға қосқан елеулі үлесі үшін марапатталды.

🏅 «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен:
* Әсель Сансызбайқызы Сәбиева – Вирустық гепатит және ішек инфекциялары бөлімшесінің инфекционист – дәрігері.

🏅 «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен:

* Сәндігүл Доскеқызы Әшкенова – медициналық статистик.

Бұл марапаттар – медицина қызметкерлерінің адал еңбегі мен кәсіби шеберлігінің жоғары бағалануының белгісі.

Медицина саласының қызметкерлері – адам өміріне жауапты, мейірім мен жауапкершілікті қатар алып жүретін мамандар. Олардың күнделікті еңбегі қоғам үшін аса маңызды әрі құрметке лайық.

16 желтоқсан – өткенге тағзым етіп, бүгінгі жетістіктерді бағалап, болашаққа сеніммен қарайтын күн. Тәуелсіз Қазақстанымыздың тұғыры биік, дені сау ұрпақ тәрбиелейтін қуатты ел болуына тілектеспіз.

 

logo.png
ҚАЛАЛЫҚ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ
© Copyright 2026 DESIGN BY SITE-PRO.KZ. All Rights Reserved.